Осы жылдың 5 наурызында менің төрағалық етуіммен Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілу арқылы SKYPE платформасында онлайн режимде сегізінші шақырылған Қамысты аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.
Аудандық мәслихаттың депутаттары Қамысты ауданы бойынша 2024-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны бекітті.