Ағымдағы жылғы 26 желтоқсанда офлайн және онлайн режимінде Aitub.kz арнасының тікелей эфирінде Қамысты аудандық мәслихатының хатшысы С.М. Кстаубаеваның төрайымдылық етуімен жетінші шақырылған Қамысты аудандық мәслихатының кезекті VIII сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Ғ. Е. Бекмұхамедов, аудан әкімінің орынбасарлары, ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшылары, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, аудан ардагерлері кеңесінің төрағасы, Қоғамдық кеңестің төрағасы қатысты.
Сессияның негізгі мәселелері:
1. «Қамысты ауданының 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы». Мәслихат депутаттары алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудандық бюджетті бірауыздан бекітті.
2. Қамысты аудандық мәслихатының 2022 жылғы тұрақты комиссияларының жұмыс қорытындылары туралы Әлиев М.А., Құламбаева А. С. – аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағалары баяндама жасады.
3. Кадрлық өзгерістерге байланысты учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізілді.
4. «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай облысы Қамысты аудандық филиалының өтініші және Қамысты ауданының әкімі Ғ. Бекмұхамедовтің ұсынысы бойынша аудандық мәслихат депутаттары «Қамысты ауданының Құрметті азаматы» атағын Бағытұр Әлімбайұлы Дәндібаевқа беру туралы шешім қабылдады.
5. Қамысты аудандық мәслихатының 2023 жылға арналған жылдық жұмыс жоспары бекітілді.
Сессия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.