Сессия жұмысына Қамысты ауданыны әкімі Ғ. Е. Бекмұхамедов, аудан әкімінің орынбасарлары, ауданның мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарының басшылары (тізім бойынша) қатысты.
2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджетті нақтылау және қайта бөлу мәселесі бойынша Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспралау бөлімінің басшысы Б. Т. Мендаулетов бюджетті нақтылау шеңберінде ақпарат жасады:
Қамысты а/о- не 2022-2023 жылыту маусымына арналған 380 тонна көлемінде көмір сатып алу үшін 6 млн. 422,0 мың теңге.
«Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – не аудандық маңызы бар «Арқа ауылына кіре беріс» автомобиль жолының шұңқырларын жөндеу үшін 4 млн.709,4 мың теңге сомасында шығындарды ұлғайтуға.
Сессияда барлығы 5 мәселе қаралды. Депутаттар барлық ұсынылған жобаларды бірауыздан қолдады.