Ағымдағы жылдың 24 маусымында Қамысты ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қамысты ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Ағымдағы жылдың 24 маусымында Қамысты ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қамысты ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Отырыста 5 мәселе қаралды:

  1. Жергілікті атқарушы органдардың 2022 жылдың 5 айындағы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы ақпарат.

Баяндамашы: Галина Евгеньевна Серикбаева-Қамысты ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау, оларды мониторингілеу және ақпараттық технологиялар басшысы.

Қосымша баяндамашы: Бексултанов Казбек Тасболатович – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы.

  1. Қамысты ауданының аумағын дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру туралы.

Баяндамашы: Меңндаулетов Бейбиіт Турсунбаевич - Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.

  1. Қамысты ауданында кітапханаларды жаңғырту және цифрландыру, оқырмандардың белсенділігін арттыру туралы.

Баяндамашы: Мунсузбаева Сауле Жолмагамбетовна-Қамысты орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры.

  1. Қамысты ауданында "Ауыл - Ел бесігі" арнайы жобасын іске асыру барысы туралы.

 Баяндамашы: Юсупов Руслан Мукумжанович-Қамысты ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

  1. «Экономикалық тұрақты өңір» 1-тармағына сәйкес Қамысты ауданы бойынша Жол картасын орындау туралы.

Баяндамашы: Макаева Аймкуль Куанышбаевна-Қамысты ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

Умербаева Камиля Садыковна-Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі.

Барлық жоспарланған сұрақтар қаралып, ауданның қоғамдық кеңес мүшелерімен талқылау барысында ұсынылған толықтырулармен тиісті ұсыныстар берілді.