А.ж. 4 мамырында, офлайн және онлайн режимінде SKYPE платформасында Aitub.kz арнасында тікелей эфирде Қамысты аудандық мәслихатының хатшысы С.М. Кстаубаеваның төрайымдылығымен жетінші шақырылған Қамысты аудандық мәслихатының кезекті 6-ші сессиясы өтті, сессияға Қамысты ауданының әкімі Г.Е.Бекмұхамедов, Қостанай облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Томилина Н.В., аудан әкімінің орынбасарлары, ауданның мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдардың басшылары, ауыл және ауылдық округ әкімдері, ауданның Қоғамдық кеңесінің төрайымы, БАҚ өкілі қатысты.
Сессияның негізгі мәселелері:
1) «Қамысты ауданының 2021 жыл ішіндегі бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы». Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Сармурзина Сәуле Салыққызы баяндама жасады. Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Томилина Наталья Васильевна қосымша баяндама жасап, 2021 жыл ішіндегі аудандық бюджеттің атқарылуы туралы қорытындыны бюджет және экономика, әлеуметтік саланы дамыту, жастар және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы - А. С. Құламбаева баяндады.
2) «Қамысты ауданының 2021 жыл ішіндегі ауыл және ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы». Қамысты ауданының ауыл және ауылдық округ әкімдері баяндама жасады.
Барлық қаралған мәселелер бойынша депутаттар шешімдер қабылдады.