Құттықтау

Құттықтау

Құрметті қамыстылықтар!

Сіздерді келе жатқан  Жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл – жүріп өткен бір жылға баға беріп, тың қадам жасайтын, рухани серпін беретін, жақсылыққа ұмтылдыратын, жарқын өмірге жол сілтейтін мереке. Бұл жарқын да шуақты мереке, кеудемізде ертеңгі күннің оты маздап, жаңа арман, жаңа мақсаттарға жол ашар үмітті сәт. Келер жыл өмірімізді мәнді оқиғаларға, татулық пен жасампаздыққа толтырғай!

Құрметті жерлестер! Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша азаматтарға бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылық тілеймін. Жаңа жыл үлкен үміт, шаттық пен қуаныштың жылы болсын!

Әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, молшылық пен ізгілік, денсаулық пен бақыт әкелсін!  Елiмiз тыныш, ынтымағымыз мәңгi, болашағымыз баянды болсын!

Жаңа жыл әрбір шаңыраққа қуаныш, сәттілік, береке мен жылулық әкелсін!

Қамысты аудандық

мәслихатының төрағасы                                                Н. Искаков