Осы жылдың 23 қыркүйегінде Қамысты аудандық мәслихатының төрағасы Н.О.Ысқақовтың төрағалығымен Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілу арқылы ZOOM платформасында онлайн және офлайн режимінде сегізінші шақырылған Қамысты аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.
Кезектен тыс сессияда Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы З.Б.Альдикешева 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджетті нақтылау бойынша баяндама жасады.
Кадрлық өзгерістерге байланысты аудандық мәслихат депутаттары жер комиссиясының дербес құрамына енгізілген өзгерістерге келісім беру және мәслихаттың 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 29 «Қамысты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізді.
Барлық қаралған мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.