Осы жылдың 15 қыркүйегінде офлайн және онлайн режимінде аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен аудандық қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті.
Отырыстың негізгі мәселелері:
1) «Мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 266 «Қамысты ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2) Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы. Қамысты ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы
3) «Қазақстан Алюминийі» жеке компаниясына қауымдық сервитут белгілеу туралы»
4) Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкур өткізу туралы келісім
Барлық жоспарланған мәселелер қаралып, сол мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар берілді.