Осы жылдың 26 маусымында Қамысты аудандық мәслихатының төрағасы Н.О.Ысқақовтың төрағалығымен Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілу арқылы офлайн және онлайн режимінде сегізінші шақырылған Қамысты аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.
Кезектен тыс сессияда Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджетті нақтылау бойынша баяндама жасады.
Аудандық мәслихат депутаттары Қамысты ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жыйылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарларды бекітті.
Аудандық мәслихаттың депутаттары ұсынылған барлық шешім жобасын бірауыздан қолдады.