Исатай аудандық мәслихаты депутаттары мен аудан тұрғындары назарына!

Исатай аудандық мәслихаты депутаттары мен аудан тұрғындары назарына!

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II Қазақстан Республикасы заңының 10 және 19-баптарына сәйкес VІІІ шақырылған аудандық мәслихаттың төрағасы аудандық мәслихаттың кезекті ХХХІ сессиясын шақыру туралы өкім етті.

Сессия отырысы Исатай ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өтеді.

Сессияның өтетін уақыты: 2025 жылғы 27 наурыз, сағат: 14:30

Сессияның күн тәртібіне енгізілетін мәселелер:

  1. Аудан тұрғындарына медициналық қызметтердің қол жетімділігі және оның сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар туралы
  2. Исатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 ақпандағы «Аудан бойынша жастар саясатын іске асыру барысы туралы» № 72-YIII шешімінің орындалу жәйі туралы
  3. Исатай ауданы тұрғындарының телефон байланысы мен интернет желісіне қол жетімділігін қамтамасыз ету мәселелері
  4. Аудандық мәслихат төрағасының 2024 жылы атқарған жұмысының есебі туралы
  5. Аудандық мәслихат пен оның тұрақты комиссияларының тұрғындар алдында 2024 жылы атқарған жұмыстары бойынша есебі кезінде айтылған ұсыныс – пікірлерді жүзеге асыру шаралары туралы
  6. Исатай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №64-VIII «Исатай ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  7. Исатай аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 25 ақпандағы №112-VІІ «Аудандық әкімдіктің дербес құрамына келісім беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
  8. Исатай аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 18 тамыздағы №56-VIІ «Исатай ауданы әкімдігі жанынан кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  9. Исатай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 сәуірдегі №25-VІІ «Исатай ауданының әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  10. Исатай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 сәуірдегі №26-VIІ «Исатай ауданының әкімдігі жанынан терроризмге қарсы комиссия құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  11. Басқа да ағымдағы мәселелер

Сессия көрсетілімі «Facebook» әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде жүргізіледі. Косылу сілтемесі: https://www.facebook.com/profile.php?id=100075351507189

Аудандық мәслихаттың аппараты