ИНДЕР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІНЕ!

ИНДЕР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ  ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІНЕ!

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2026 жылдың 5 мамыр күні сағат 11.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Индер аудандық мәслихатының кезектен тыс LІ сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.

Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:

  1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Индер аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі №39-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

     Хабарламашы: Серікқалиева Ажар Жалғасқызы – Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

  1. Басқа да мәселелер.

    Индер аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылдың 5 мамыр күні сағат 09.30-да аудандық мәслихат төрағасының бөлмесінде өткізіледі.

       Индер аудандық мәслихатының аппараты