Отан қорғаушылар күнімен!

Отан қорғаушылар күнімен!

Құрметті аудан тұрғындары Сіздерді Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Біз бұл күні Қарулы Күштеріміздің ардагерлеріне және еліміздің егемендігі мен ұлттық мүддесін қорғап тұрған, антына адал әскери қызметшілерге құрмет көрсетеміз.
Баршаңызды батырлық пен ерліктің, шыдамдылық пен төзімділіктің мерекесі болған – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін, Отанымыздың тыныштығын қорғап жүрген еліміздің ер азаматтарын ұлықтайтын, құрметтейтін күн. Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Тәуелсіз елімізге қалтқысыз қызмет ету және оны қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Аспанымыз ашық, халқымыз аман, жастарымыздың болашағы жарқын, еліміздің келешегі кемел болсын!
Құрметпен: Іле аудандық мәслихатының төрағасы Карибаев Мұхит Бақытұлы