Іле аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Іле аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Бүгін, 29 сәуір күні Өтегее Батыр ауылында Іле аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Отырыста ауданның өзекті мәселелері қаралып, бірнеше бағыт бойынша жария тыңдалымдар ұйымдастырылды.

Күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді:

1️⃣ Аудандағы білім беру мекемелерінің қазіргі жағдайы мен атқарып жатқан жұмыстары;

2️⃣ Ауыл шаруашылығы мекемелерін ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері;

3️⃣ Өтеген батыр, Боралдай, Ащыбұлақ ауылдық округтері әкімдерінің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі есептері;

4️⃣ Қараой ауылдық округі әкімінің және аудандық жер қатынастары бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есебі;

5️⃣ Жер қатынастары бөлімінің 2025 жылдың І тоқсанындағы қызметі туралы есеп.

Отырыста баяндамалар тыңдалып, қатысушылар арасында ашық пікір алмасу өтті. Кеңес мүшелері ауылдық округтердің және аудандық бөлімдердің атқарған жұмыстары бойынша сұрақтар қойып, нақты ұсыныстар айтты.