2025 жылы 29 сәуірде Іле аудандық мәслихатының тұрақты комиссия отырысы өтті . Тұрақты комиссия отырысында «Іле ауданының 2024 жылға арналған аудандық бюджетінің атқарылуы туралы», «Іле аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің аудандағы атқарылған жұмыстары мен өзекті мәселелерді шешу бойынша қабылданған шаралар туралы есебі» және «Іле аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің 2024 жылы аудандағы атқарылған жұмыстары мен өзекті мәселелерді шешу бойынша қабылданған шаралар туралы есебі» тыңдалып, мәселелер талқыланды. Отырыс барысында бөлім басшылары мәслихат депуттатарының сауалдарына жауаптар берді.
Сонымен қатар Іле аудандық мәслихатының XXXXIII кезекті сессиясының күн тәртібінде төмендегі мәселелер қамтылды.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы мен кезекті сессиясында барлық мәселелер қамтылды.