
Бүгін 17 наурыз 2025 жылы Іле аудандық мәслихатының кезектен тыс 41-сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:
Сессия алдында тұрақты комиссиялар отырысы барысында сұрақтар толықтай қаралып, талқыланды. Сондай ақ аудандық Мансап орталығының 2024 жылғы атқарылған жұмысы қаралып, Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары, оларды іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру мен орталықтың негізгі міндеттерінің сапалы орындалуы туралы мәселелер қозғалды.
Сессия соңында Іле аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы өкілінің Салық Кодексін түсіндіру бойынша депутаттық оқу өткізілді. Депутаттар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, халықпен кездесулерде жиі көтерілетін мәселелер көтерілді.