Іле ауданының Қоғамдық кеңестің бұрынғысайланған құрамының өкілеттіктер мерзімі өкілеттіктері тоқтатылды.
Заңнамаға сәйкес Іле аудандық қоғамдық кеңестің құрамын қайта жасақтау жұмыстары жүргізілді.
Жергілікті БАҚ да және ресми интернет-ресурстарда Іле аудандық қоғамдық кеңесіне кандидаттар ұсыну туралы хабарламалар беріліп, 28 үміткерден өтініш құжаттар келіп түсті.
Келіп түскен өтініштерді қоғамдық кеңесті сайлау жөніндегі жұмысшы топтың отырысында қаралып, ашық дауыс беру арқылы Іле аудандық қоғамдық кеңестің құрамы жасақталды. Іле аудандық қоғамдық кеңестің құрамының саны 23 болып бекітілді.
Іле аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып Мұсаев Маден Тоқтарбайұлы сайланды.