
Ағымдағы жылдың 20 қарашасында Іле ауданы мәдениет үйлерінің қызметі мен олардың қазіргі жағдайын зерделеу мақсатында аудан мәслихатының төрағасы М.Қарибаев, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау мәдениет, спорт және тіл мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Б.Ысқақ, комиссия мүшелері А.Сатибаев, Е.Бұлдыбаев, М.Жұмағұлов, А.Абдрахманов, Б.Базарбаева, Ж.Әлімбаев және қоғамдық кеңес өкілі Р.Нұрбаев Ақши, Ақсай, Байкент және Қараой ауылдық мәдениет үйлеріне сапарымен барды.
Сапар барысында комиссия мүшелері мәдениет үйлерінің қызметімен, олардың қазіргі жағдайымен және проблемалық мәселелерімен танысты.
Мониторинг қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылдау мақсатында тұрақты комиссиялардың отырысын өткізу жоспарлануда.