Іле ауданының қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысы болып өтті. Қоғамдық кеңес отырысына мекеме, бөлім басшылары, Боралдай кенті мен ауылдық округ әкімдері және аудандық қоғамдық кеңес төрағасы М.Мұсаев, кеңес мүшелері қатысты күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралып, шешімдер қабылданды.
- Іле ауданының Асқар Тоқпанов ауылдық округінің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынна өзгерістер енгізу туралы.
- «Алматы облысы Іле ауданының елді мекендерінің шекаралатын белгілу туралы» Іле ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі №182 қаулысы және Іле аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 сәуірдегі №41-198 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Іле ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 10 маусымдағы №277 қаулысы және Іле ауданы мәслихатының 2022 жылғы 10 маусымдағы №21-87 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы бірлескен қаулы мен шешімнің жобасын талқылау.
- Іле ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлемені төмендету туралы.