
Құрметті жерлестер!
Сіздерді еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі — 25 қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн — Қазақстан Республикасы мемлекеттік мәртебесін айқындап, егемен елдің негізін қалаған тарихи шешім қабылданған күн.
Республика күні – халқымыздың тәуелсіздікке деген ұмтылысы мен мемлекеттік бірегейлігіміздің айқын көрінісі.
Бүгінгі таңда Қазақстан демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде әлемдік қауымдастықта өз орнын тапты.
Осы мерекеде әр шаңыраққа береке-бірлік, елімізге тыныштық, жарқын болашақ тілеймін!
Республика күні құтты болсын!