Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Байғоджаев Қуат Сұлтанұлы жұмыс сапармен Іле ауданына келді.
Сапар барысында облыстық мәслихат депутаттары Н.Орынбасаров, Н.Түймелев және Іле аудандық мәслихатының төрағасы Мұхит Бақытұлы Карибаевпен Өтеген батыр ауылында құрылысы аяқталған 400 орындық аудандық мәдениет үйінің жұмыс барысымен танысты.
Аудан орталығындағы аудандық мәдениет үйіне халық қаһарманы, композитор Н.Тілендиевтің 100 жылдығына орай есімі беріліп, ескерткіші орнатылды. Мәдениет үйі ағымдағы жылдың 3 қазанында салтантты түрде ашылады.