Халықаралық қарттар күнімен құттықтау

Халықаралық қарттар күнімен құттықтау

Құрметті аудан тұрғындары, ауданымыздың аға ұрпақ өкілдері!
Сіздерді Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Аға буынның тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуына, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, бейбітшілікті, қоғамдағы ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі ұшан-теңіз.
Өскелең ұрпақ үшін сіздер борышқа адалдықтың, Отанға деген сүйіспеншіліктің, жеңіске деген өшпес ерік-жігердің үлгісісіздер!
Сіздер әрқашан құрметке лайықсыздар. Барлық уақытта адамзат үшін қарттардың даналығы жастар үшін баға жетпес байлық болып табылады.
Сіздерді осынау айтулы мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және белсенді ұзақ ғұмыр тілейміз!