Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес, аудан әкімінің халықпен тұрақты кездесулерінің жылдық күнтізбесі мәслихатпен келісіліп бекітілген.
Күнтізбеге сәйкес, ағымдағы жылдың 16-қыркүйегінен бастап ауданның әрбір ауылдық округтерінде аудан әкімі тұрғындармен кездесіп, көптеген өзекті мәселелер көтерілді.
Кездесу барысына аудан тұрғындарымен қатар, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жауапты құқық қорғау, облыстық, аудандық атқарушы органдарының басшылары қатысты.
Бүгін - 25 қыркүйек күні аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі Өтеген батыр ауылдық округінде өткізіліп аяқталды.