Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес, аудан әкімінің халықпен тұрақты кездесулерінің жылдық күнтізбесі мәслихатпен келісіліп бекітілген.
Күнтізбеге сәйкес, ауданның әрбір ауылдық округтерінде аудан әкімі тұрғындармен кездесіп, өзекті мәселелер көтерілуде.
Кездесу барысы бүгін - 23 қыркүйек күні, Боралдай кенті мен Асқар Тоқпанов ауылдық округінде өтті.
Кездесуге аудан тұрғындарымен қатар мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жауапты құқық қорғау, облыстық, аудандық атқарушы органдарының басшылары қатысуда.
Алдағы уақытта Өтеген батыр округінде өтетін кездесумен жалғасатын болады.