
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес, аудан әкімінің халықпен тұрақты кездесулерінің жылдық күнтізбесі мәслихатпен келісіліп бекітілген.
Күнтізбеге сәйкес, 16-18 қыркүйек аралығында Қараой, Байкент ауылдық округтерінде өтіп, бүгін Байсерке ауылдық округінде жалғасатын болады.
Кездесуге аудан тұрғындарымен қатар мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жауапты құқық қорғау, облыстық, аудандық атқарушы органдарының басшылары қатысуда.
Алдағы уақытта қалған ауылдық округтерде жалғасатын болады.