Іле аудандық мәслихатының XLІХ кезектен тыс сессиясы өтті

Іле аудандық мәслихатының XLІХ кезектен тыс сессиясы өтті

Бүгін 17-қыркүйек күні Іле аудандық мәслихатының кезектен тыс XLIX сессиясы Зум платформасында онлайн форматта өткізілді. Сессияға аудан әкімінің орынбасары, аудандық бөлім басшылары, Боралдай кенті және ауылдық округ әкімдері түгелдей дерлік қатысты.

Сессия қарауына келесі күн тәртібі ұсынылды:     

Іле аудандық мәслихатының 2025 жылғы 13 тамыздағы «2024 жылғы 26 желтоқсандағы «Іле ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» №37-119 шешіміне өзгерістер енгізу туралы №47-157 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.