Ел Президенті Қасым- Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде: өзекті мәселелер және оларды түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты жолдауы Іле ауданының актив жиналысында талқыланды. Аталған жиында Іле аудандық мәслихатының төрағасы Карибаев Мұхит Бақытұлы сөз сөйлеп, жолдаудың басым бағыттарына тоқталды.
Мұхит Бақытұлы өз сөзінде «Бір палаталы Парламент заңдарды қабылдау процесін жеделдетуге және оның ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондықтан жаһандық саяси-экономикалық өзгеріспен бірге үздіксіз даму үшін бір палаталы Парламент жүйесі қажет. Халқымызда «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген дана сөз бар. Ауданымыздың зиялы қауымы да, қоғамдық ұйымдар да, басқа да белсенділер бір кісідей атсалысып жолдауды іске асыруға тиісті жұмыс атқарамыз», - деген сенімін білдірді.