Іле аудандық мәслихатының XLIV кезектен тыс сессиясы болып өтті. Сессия барысында күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралды.
- Іле аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №37-119 «Іле ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Іле ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы.
- Іле ауданындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы.
- Іле ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның құрамына өзгерістер енгізу туралы.
- Іле ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы күрес жөніндегі комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы.
Сессия соңында Іле аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы өкілінің Салық Кодексін және жалпы декларация тапсыру туралы түсіндіру бойынша депутаттық оқу өткізілді. Депутаттар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, халықпен кездесулерде жиі көтерілетін мәселелер көтерілді.