Жанатай батырға 300 жыл

Жанатай батырға 300 жыл

Ағымдағы жылдың 22 шілдесінде Чистопол ауылында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Арғын руынан шыққан аса көрнекті тарихи тұлға біздің ұлы және даңқты ата-бабамыз Жанатай батыр Ақанұлының 300 жыл толуына арналған мерей тойы болып өтті. Оған аудандық мәслихаттың төрағасы С.Баумағанбетов, және де депутаттар қатысты. Мереке басы сахналық көрініспен басталды. Сахналық қойылым Облыстық Ақан сері филармониясының өнерпаздары және аудандық Мәдениет үйі, Чистопол Мәдениет үйінің өнерпаздары өнерлерін көрсетті. Осынау айтулы күнде қазақтың ұлттық спорт түрлері: Аламан бәйге, Топ бәйге, Құнан бәйге, Аударыспақ, Көкпар, Теңге алу, Қазақ күресі, Тоғызқұмалақ жарыстары өткізілді.

Жанатай батырдың 300 жылдық мерейтойы-тарихтағы және қазіргі өміріміздегі айтулы оқиға. Мерекелік іс-шаралар халықты біріктіруге, мемлекеттілігімізді нығайтуға бағытталған.