
2026 жылғы 11 тамызда аудандық мәслихаттың XLIII сессиясы, үзілістен кейін аудандық мәслихат төрағасы С.Т. Баумағанбетовтың төрағалығымен, аудан әкімінің орынбасарларының, мемлекеттік мекемелер басшыларының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өтті.
Бұған дейін А.ж. 4 тамызында өткен ашық XLIII сессияда аудандық бюджетті нақтылау мәселелері қаралып, аудандық және учаскелік сайлау комиссияларына өзгерістер қаралды.
Бірінші мәселе аудан әкімінің «Береке-Брилевка» ЖШС директоры Думанбай Айдашұлы Жамұхановқа ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше еңбегі мен қомақты үлесі үшін «Ауданның Құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсынысы келіп түсті, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Құрметті азаматы» атағын беру туралы» аудан әкімі аппаратының басшысы А.Б. Кенжебеков сөз сөйледі.
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2022-2029 жылдарға арналған» тұжырымдаманы ауданда іске асыру барысы туралы» жоспарлы мәселе бойынша аудандық аурухана директорының міндетін атқарушы В. В. Авраменко сөз сөйледі.
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ауданның бекітілген тұрғындарының саны 33 693 адамды құрайды. Аудандық аурухана 130 төсекке есептелген, емхананың қуаты бір ауысымда 200 адамды құрайды. Халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмекті 8 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт және 25 медициналық пункт көрсетеді.
Сырқаттанушылық бойынша көрсеткіштерді талдау халықтың денсаулық жағдайының оң динамикасын және жүргізілетін профилактикалық және емдеу іс-шараларының тиімділігін көрсетеді.
2026 жылы профилактикалық скринингтік тексерулермен 14 431 адам қамтылды, бұл жоспарланған көлемнің 60,8% -. құрайды.
2026 жылы диспансерлік бақылауда тұрған 5696 пациент дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілді, бұл мұқтаждар санының 100% - % құрайды.
«Жылыту жүйесінің 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындығы туралы» жоспарлы мәселе бойынша Қ.К. Даиров, ЖК және АҚ ТКШ ас бөлімі басшысының м.а. сөз сөйледі. Баланстағы ауданның барлық қазандық ұйымдары отын қорларымен қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта Новоишим ауылы бойынша орталық қазандықтың жылу желілерін пайдалануға беру бойынша енгізу және жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
«Жаңа Салық кодексі бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының жүргізіп жатқан жұмысы туралы» жоспарлы мәселе бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, баяндамашы С.Қ. Қалиақпаров қатысушыларды есептілікті төмендетуге, жеңілдіктерді оңтайландыруға және бизнесті қолдауға бағытталған жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне байланысты өзгерістер мен салық реформасының негізгі бағыттарымен таныстырды.
«Аудандық мәслихат аппаратының Ережесін бекіту туралы» мәселесімен аппарат басшысы С.Қ. Майәмірова сөз сөйледі.
Ағымдағы жылдың 14 шілдесінде Ел Президенті мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейтетін және біздің ішкі жұмысымыздың ережелерін өзгертетін заңға қол қойды. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына мәслихат аппараты басшысының құзыреті бекітілген 25-1-бап қосылды.
Сонымен қатар ведомствоаралық комиссия құрамындағы өзгерістер де қаралды.
Талқылау және жарыссөз барысында депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді бірауыздан бекітті.