2024 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың шахмат турнирлері өткізіліп келеді.
Соңғы жылдары Қазақстанда шахмат спорт түрі ретінде ғана емес, сонымен қатар балалардың зияткерлік дамуының тиімді құралы ретінде де танымал бола бастады.
2024 жылы «Senat Open» шахматтан ашық Кубоктың І-ші іріктеу кезеңі өткізілді, оған 8-ші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың өкілеттігін тоқтатқан депутаты, «Blitz» шахмат мектебінің жаттықтырушысы, Володарское орта мектебінің мұғалімі Воронцов Сергей Владимирович қатысты.
Павлодар қаласының Дружба үйінде 2024 жылғы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының ашық кубогының жартылай финалының бірі өтті. Турнирді алғаш рет Freedom Holding Corp бас серіктестігі жанындағы Kazchess / Қазақстан Шахмат федерациясы ұйымдастырды. Ашық кубокта облыстардың, аудандардың барлық шақырылымдарының депутаттары, қоғамдық кеңестер, БАҚ өкілдері бақ сынасты. Жартылай финалға «Север» өңірінің 100 финалисті, атап айтқанда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарында өткен іріктеу турларының жеңімпаздары қатысты.
Ашық кубоктың қорытындысы бойынша С.В. Воронцов осы турнирдің финалына шығып, Астана қаласында өткен «Senat Open cup 2024» финалында «Север» өңірін таныстырып, өз номинациясында 4 орын алды. Жарыс қорытындысы бойынша аудан Солтүстік Қазақстан облысының аудандары арасында 1 орынға ие болды.
2025 жылдың тамыз айында Астана қаласында «Senat Open» шахматтан II–ші ашық кубоктың финалы өтті, оған Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы да қатысты, команда құрамында С.В. Воронцов болды, үлкен турнирде күміс жүлдегер атанды.
2026 жылғы 23 сәуірде С. Воронцов Қазақстан құрамасының құрамында Алматы қаласында шахматтан ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясының ашық кубогының күміс жүлдегері атанды.
Шахматтан әлем чемпионы Сергей Карякиннің және ТМД-ның басқа да мықты шахматшыларының қатысуымен өткен ең мықты турнирде лайықты ойын көрсетіп, команданың жалпы табысына өз үлесін қосты.
Ағымдағы жылдың 22 мамырында Петропавл қаласында «Senat Open» шахматтан ашық кубогының III іріктеу кезеңінің ¼ финалы өтеді, онда Сергей Владимирович біздің ауданымыздың атынан қатысады.
Аудан орталығында шахмат мектебінің ашылуы осы спорт түрін дамытуға үлкен серпін береді және балаларда өмірде қажетті дағдыларды-шешім қабылдау, қателіктерді талдау, ойлау қабілетін дамытады.
Аудандық мәслихат депутаттары мен мәслихат аппараты Сергей Владимировичке ауданда балалар мен жасөспірімдер шахматын насихаттауда үлкен алғысын білдіреді.
Туған күніңізбен және турнирлердегі жеңістеріңізбен құттықтаймыз, жас шахматшылар үшін жарқын үлгі, жаңа жеңістер және осы тамаша спорт түріндегі жетістіктер тілейміз
Аудандық мәслихаттың төрағасы С.Т. Баумағанбетов