
Референдум өткізуді түсіндіру бойынша аудандық штаб мүшелері - "AMANAT" партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Минашева Когаршын Нұртайқызы және аудандық мәслихат төрағасы Баумағанбетов Сүйіндік Төлепбергенұлы-тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына ұсынылған өзгерістердің негізгі ережелері, олардың елдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы, әділдік, заңдылық және жауапкершілік қағидаттарын нығайту үшін маңызы түсіндірілді.