Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша референдум өткізу бойынша аудандық штаб мүшелерінің Шоптыкөл түзету мектебінің еңбек ұжымымен кездесуі өтті. Кездесу барысында қатысушыларға конституциялық өзгерістердің негізгі ережелері, алдағы референдумның мақсаттары мен маңызы, сондай-ақ оның елдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуындағы және мемлекеттің құқықтық негіздерін нығайтудағы рөлі түсіндірілді. Кездесу ашық диалог форматында өтті. Еңбек ұжымының өкілдері қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды.