Ауданның партиялық штабының отырысы өтті

Ауданның партиялық штабының отырысы өтті

Конституция бойынша референдум өткізу аясында өткен жұмада аудандық партиялық штабтың отырысы өтті. Кездесу барысында алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер мен жұмыс бағыттары талқыланды.
Штабтың басты мақсаты — тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, Конституцияға ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулардың мәнін халыққа жеткізу, референдумның маңыздылығы мен ел дамуы үшін атқаратын рөлін түсіндіру.
Штаб мүшелері жүйелі әрі ашық жұмыс жүргізуге, аудан тұрғындарымен диалог орнатуға, еңбек ұжымдарымен және халықпен кездесулер өткізуге дайын. Әрбір азаматтың референдумға саналы түрде қатысуы үшін нақты әрі түсінікті ақпарат алуына жағдай жасау — басты назарда.
Аудандық партиялық Штабтың жұмысы азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамдық белсенділікті күшейтуге бағытталатын болады.