Аудандық мәслихаттың сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың сессиясы өтті

2026 жылғы 17 ақпанда аудандық мәслихаттың XXXVII сессиясы аудандық мәслихат төрағасы С.Т. Баумағанбетовтың төрағалығымен, аудан әкімі Р.Ә. Аңбаевтың, аудан әкімінің орынбасарларының, мемлекеттік мекемелер басшыларының, ауылдық округ әкімдерінің - баяндамашылардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өтті.

         Бірінші мәселе бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы - А.Р. Елжанова сөз сөйледі. Бюджетті нақтылау көзі қажетті қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражатының бос қалдықтары болды.

         Екінші мәселе ауданда су тасқынына қарсы іс – шараларға дайындық бойынша ТЖ бөлімінің бастығы С.Е. Мұқашев сөз сөйледі.

Осы мәселе бойынша қосымша баяндамашылар Новоишим ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Р.С. Сүлейменова, Рузаев және Чистопол ауылдық округтерінің әкімдері Н.Р. Алғожин, В.Н. Руденкин болды.

Бүгінгі таңда жеке құрамы 172 адамнан тұратын 103 түрлі техника бар.

Жеке кәсіпкерлермен және шаруа қожалықтарымен тамақтану және тұру, ЖЖМ, заттай жабдықтау, эвакуациялау орындарына шарттар жасалды.

Аудан аумағында барлық қажетті керек-жарақтары бар 39 эвакуациялық пункттер дайындалды.

Ағымдағы жылдың басынан бастап елді мекендерден 9000 текше метрден астам қар шығарылды, 4500 тонна инертті материал дайындалды. 

Барлық іс-шаралар аудан әкімі бекіткен көктемгі су тасқынын дайындау, өткізу және Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағында ықтимал залалды азайту жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізіледі.

Әлеуметтік көмек көрсету ережелеріне өзгерістер енгізу мәселесі бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Қ. Әмрина сөз сөйледі. 1 маусым - мерекелік күн қосылды, төлемдері бойынша мүгедек балалар үшін 5 АЕК-21625 теңге. 

Сондай - ақ, атаулы күн 29 тамыз Семей ядролық полигонының жабылу күні 26 сәуірге Чернобыль апатын еске алу күніне ауыстыру бойынша 35 АЕК-151375 теңге мөлшерінде өзгерістер енгізілді.

Сондай-ақ, аудан әкімдігінің, ведомствоаралық комиссиялардың, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының дербес құрамындағы өзгерістер қаралды.

Талқылау және жарыссөз барысында депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді бірауыздан бекітті.