2025 жылғы 19 желтоқсанда сағат 9.00-де аудан әкімдігінің үлкен залында Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезекті XXXV сессиясы өтеді.
Күн тәртібі:
- Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
- Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның 2026 - 2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы.
- Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы.
- 2026 жылы аудандық мәслихат сессияларының қарауына енгізілетін негізгі мәселелердің тізбесі туралы.
- Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат саны және аудан мәслихатының қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстардың жалпы сметасы туралы.
- Әр түрлі.
Аудандық мәслихаттың анықтама телефоны 21-1-40