Ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында Рузаевка ауылында аудандық мәслихаттың депутаттары ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тұрғындармен атқарылған жұмыстар туралы есеп берілді. Ауыз судың сапасы, кентішілік жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру мәселелері көтерілді. Депутаттар өтініштер бойынша түсініктеме берді. Барлық сұрақтар бақылауға алынды.Айтылған мәселелерді шешу бойынша жұмыс жалғасатын болады.