Аудан активіне қатысу

Аудан активіне қатысу

    Бүгін аудан әкімдігінің үлкен залында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың қатысуымен ауыл әкімдерінің өткен кездесуі бойынша Ғабит Мүсірепов атындағы аудан активінің жиналысы өтті.

     Президент форум барысында сөз сөйлеп, ауылдық аумақтарды дамыту және ауыл әкімдері институтын одан әрі жетілдіру жөніндегі міндеттерді, сондай-ақ елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының басқа да маңызды мәселелерін атап өтті.

         Отырысқа сот төрағасы, полиция бөлімінің, ТЖ бөлімінің бастығы, аудандық мекемелердің басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, жұртшылық қатысты.

           Аудан әкімі Р.Ә. Аңбаев сөз сөйледі, талқылауға аудандық мәслихаттың депутаттары Н.А. Синядкина, К.Н. Минашева қатысты.

         Сондай-ақ депутаттар Д.Т. Елжанов, Қ.А. Қажығалиев Рузаевка және Көкалажар ауылдарындағы ауылдық округтердің активтеріне қатысты.

             Ауылда стратегиялық маңызы бар мәселелер талқыланды, осыған байланысты ауылдық округ әкімдеріне қойылатын талаптар және оларға жүктелген міндеттер әрқашан ерекше маңызға ие.