Кәсіби мереке құтты болсын!

Кәсіби мереке құтты болсын!

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихаты аппараты» КММ бас маман-бухгалтер болып Сегізбаева Ольга Олеговна жұмыс істейді.

Еңбек жолын 2005 жылдан бастап Новоишим ауылында «Қазпошта» АҚ СҚОФ бухгалтер-экономист, 2009 жылдан бастап Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маман-бухгалтері болып бастады.

        2015 жылдың сәуір айынан бастап аудандық мәслихат аппаратында жұмыс істейді.

         Ольга Олеговна кәсіби-іскерлік қасиеттер мен біліктілік қабілеттерінің жоғары деңгейіне ие.

         2017 жылы «Үздік бухгалтер» атағына аудандық байқауда үздік бухгалтер атанды.

          Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 20 қаңтардағы № 16 бұйрығымен кәсіби мерекелердің тізбесі белгіленді, онда бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызметкерлер күні – 10 қарашаға енгізілді.

       Бухгалтерлік кәсіптің өкілдері экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, бухгалтерлік есеп пен салық қажеттіліктері, статистикалық мақсаттар үшін нақты мәліметтер беруде маңызды рөл атқарады.

        Мәслихат аппараты өзінің әріптесі Ольга Олеговнаны кәсіби мерекесі-бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызметкерлер күнімен шын жүректен құттықтайды. Отбасылық амандық, жұмыста кәсіби табыс және қаржылық тұрақтылық тілейді!