«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты» КММ-де құқықтық және ұйымдастыру мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшенің басшысы болып Шәріпова Дидар Қабдырахымқызы жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызметте 1994 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Әр жылдары Көкшетау облысы Чистопол аудандық әкімшілігінің бас маманы, Солтүстік Қазақстан облысы Целинный ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің маманы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының маманы, аудан прокуратурасының іс жүргізушісі, аудан әкімі аппаратының жалпы мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшенің басшысы болып жұмыс істеді.
Мәслихат аппаратындағы еңбек жолын 2018 жылдың маусым айында ұйымдастыру мәселелері бойынша бас маман қызметінен бастады.
Содан кейін мәслихат хатшысының құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі, ал 2021 жылдың қазан айынан бастап - құқықтық және ұйымдастыру мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшенің басшысы. Дидар Қабдырахымқызы заңгердің жоғары кәсіби біліміне, ұйымдастырушылық қабілетіне ие. Мәслихаттың нормативтік құқықтық актілерін уақтылы және сапалы тіркеуді жүргізеді және нормативтік құқықтық актілердің ҚР НҚА эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етеді.
30 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Әділет органдары қызметкерлерінің Күнін атап өтеді. Ол алғаш рет елде 2012 жылы ресми түрде аталып өтті.
Мәслихат аппараты өзінің әріптесі Дидар Қабдырахымқызын кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтайды. Отбасылық амандық, жұмыста табыс және алға қойған мақсаттарға қол жеткізуді тілейді!