Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Рузаевка ауылында аудандық мәслихаттың төрағасы С.Т. Баумағанбетов мәслихат депутаттарымен бірлесіп ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тұрғындармен атқарылған жұмыстар мен 2025 жылға арналған жоспарлар туралы есеп берілді. Ауыз судың сапасы, кентішілік жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, аурухана жұмысы, тротуарлар салу мәселелері көтерілді.