Аудандық мәслихаттың депутаттары ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде аудан әкімінің Шөптікөл ауылдық округінің Разгульное ауылының тұрғындарымен тұрақты кездесуіне қатысты. Диалог барысында кездесуге қатысушылар әлеуметтік экономикалық дамумен, инвестициялық жобаларды іске асырумен, сондай-ақ 2025 жылға қойылған мақсаттар мен міндеттермен танысты.
Кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімі ауыл тұрғындарына келіп түскен сұрақтарға түсініктеме берді.