Ағымдағы жылдың 4 шілдесінде Көкшетау қаласындағы «Bolashaq Saraiy» балалар мен жасөспірімдер клубының алаңында саяси қайраткерлер, барлық деңгейдегі депутаттар, мемлекеттік қызметкерлер, солтүстік өңірінің жұртшылығы мен БАҚ өкілдері арасында шахматтан ҚР Парламенті Сенатының II ашық Кубогы басталды.
Солтүстік Қазақстан облысының құрамына Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның шахматшылары С.В. Воронцов, Ж.Б. Есентеміров, Н.А. Згуровский кірді, сондай-ақ «Senat Open» жартылай финалына Ақмола, Павлодар және Қостанай облыстарының командалары қатысты. 2 және 3 номинацияларда Ж.Б. Есентеміров, С.В. Воронцов орын алды. Шахмат шайқасы басталғанға дейін спортшыларды Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев қарсы алды.
Жарыс Швейцария жүйесі бойынша 9 турда өткізілді. Уақытты бақылау: әр қатысушыға партияның соңына дейін 10 + 5 секунд.
Жартылай финалды өткізу қорытындысы бойынша «Солтүстік» аймағының төрт облысынан 38 қатысушы анықталды, олар финалда ойнауға құқылы. Жарыс қорытындысы бойынша С.В. Воронцов финалға шықты және Астана қаласында өтетін Солтүстік Қазақстан облысының атынан қатысады. Біздің спортшыларымызға үлкен алғыс, зор денсаулық, отбасылық бақыт, амандық табыс және бар жақсылықты тілейміз! Финалда Сергей Владимировичке сәттілік!