2025 жылғы 26 маусымда Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппараты көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әуелбеков Еркін Нұржанұлының 95 жылдығына арналған естелік іс-шараларға қатысты.
Аудандық мәдениет үйінде Еркін Әуелбековтің мерейтойлық күніне арналған ғылыми-теориялық конференция өтті, онда конференцияға қатысушылар естеліктерімен бөлісті, оның елдің дамуына қосқан үлесі, принциптілігі, еңбекқорлығы және туған жерге деген сүйіспеншілігі туралы айтты.
Аудандық мәслихат төрағасы С. Т. Баумағанбетов Еркін Әуелбековтың елі Жаңасу ауылында жалғасқан мерекелік іс-шараларына қатысып, дәстүрлі киіз үйлермен этноауылға барды, мерекелік концерт пен ұлттық спорттық жарыстар өтті.