Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының округтік және учаскелік сайлау комиссияларына шығып кеткендердің орнына мүшелерді сайлау туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының  округтік және учаскелік сайлау комиссияларына  шығып кеткендердің орнына мүшелерді сайлау туралы  ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты шығып кеткендердің орнына округтік және учаскелік сайлау комиссияларына мүшелерді сайлау туралы хабарлайды.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда аудандық мәслихат өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлау комиссиясын сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары жарияланған күнінен бастап 2025 жылғы 9 шілдеге дейін аудандық мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының сайтында орналастырылған (1, 2-қосымшалар).

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуға тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болуға тиіс емес.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Аудандық мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 9 шілдеге дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты

Баумағанбетов Сүйіндік Төлепбергенұлы - Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының төрағасы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Новоишим ауылы, Абылай хан көшесі, 28.

Жауапты тұлға - Жахина Ғалия Бексұлтанқызы, каб. № 6, Байланыс телефондары: 21-5-95, 21-1-40, электрондық пошта мекенжайы: galiya.zhakhina@bk.ru

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша округтік және учаскелік сайлау комиссияларындағы бос орындар туралы мәліметтер

 

Сайлау учаскесінің нөмері

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

Сайлау комиссиясы мүшелерінің бос орындарының саны

1

2

3

4

 

Округтік сайлау комиссиясы

 

1

№ 5

Новоишим а. Заслонова,10, «Новоишим № 2 орта мектебі» КММ ғимараты

1

 Учаскелік сайлау комиссиялары

1

№ 364

Червонный а. Школьная,11,  «Мәдениет үйі» МКҚК ғимараты

1

2

№ 368

Буденный а. Центральная, 11,  «Буденный орта мектебі» КММ ғимараты

4

3

№ 376

Дружба а., Кооперативная 2,  «Дружба орта мектебі» КММ ғимараты

1

4

№ 399

Старобелка а., Школьная,11,  «Старобелка негізгі мектебі» КММ ғимараты

1

5

№ 410

Сокологоровка, Новоселов 1,  «Сокологоровка орта мектебі» КММ ғимараты

1

6

№ 414

Жаркөл, Жанатай батыр 4/2,  Дәрігерлік пункт ғимараты

3