Аудандық мәслихаттың сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың сессиясы өтті

         2025 жылғы 21 мамырда аудандық мәслихаттың XXX сессиясы аудандық мәслихат төрағасы С.Т. Баумағанбетовтың төрағалығымен аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелер басшылары, ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен өтті.

         Сессия жұмысына Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Т.Қ. Тұрсынов қатысты. 

Сессияда бірқатар мәселелер қаралды. Аудан әкімінің орынбасары Е.Е. Әділбеков «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есепті бекіту туралы» мәселе бойынша - слайдтарды көрсете отырып сөз сөйледі. 

         «2024 жылғы ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы есеп» мәселесі бойынша әлеуметтік сала және депутаттық өкілеттіктер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Б.С. Жантасова сөз сөйледі.

          Ауылдық округтердің 17 әкімінің есептері тұрақты комиссияның отырысында, ауданның қоғамдық кеңесімен бірлесіп, тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында тыңдалды, онда өз кірістерін арттыру жөнінде ескертулер айтылып, ұсынымдар берілді.

          «Аудан бюджетінің және ауданның ауылдық округтерінің 2024 жылғы бюджеттерінің атқарылуы туралы есепті бекіту туралы» мәселе бойынша Т.Қ. Тұрсынов сөз сөйледі.

        Талқылау барысында депутаттар 2024 жылғы аудан және ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы есепті бірауыздан бекітті.

         Аудан әкімдігінің дербес құрамы мәселесі бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы А.Б. Кенжебеков сөз сөйледі.

           Талқылау барысында депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді бірауыздан бекітті.