Бүгін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысында депутаттар екі мәселені тыңдады: мәдениет саласының дамуы және 2025 жылдың жазғы кезеңінде Федоров ауданында балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы.
Мәдениет саласының дамуы және оның негізгі көрсеткіштері туралы «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Д.Д. Сәрсенбетов баяндады.
Ауданымыздағы мәдениет мекемелері желісі 19 кітапхана мен 17 ауылдық клубтан тұрады, оларда 152 үйірме жұмыс істейді, әртүрлі бағыттағы және жанрдағы үйірмелерге барлығы 1375 адам қатысады. 2025 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша кітапхана оқырмандарының саны 4546 адамды құрады.
475 іс-шара өткізілді. Олардың ішінде «Жаркөл: тарихтың сырлары/прикосновение к истории» кітабының тұсаукесерін, «Жаркөл сазы» жетігеншілер конкурсын және «Енелер мен келіндер» спектаклін атап өтуге болады.
Фёдоров ауданы аумағында 68 мәдени-мұра нысаны, 7 мемориалдық тақта, 53 ескерткіш, монументтер мен бюсттер орналасқан.
«Федоров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Д.А. Бектібаева депутаттарды 2025 жылғы жазғы демалыс кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің сауықтыру демалысын ұйымдастыру және оларды жұмыспен қамту жөніндегі дайындық туралы хабардар етті.
Ағымдағы жылдың жазғы кезеңінде 18 мектеп жанындағы лагерь, 23 балалардың мектеп жанындағы ойын алаңы, 1 экологиялық-туристік бағыттағы шатырлы лагерь (Кенарал ЖМ), 1 спорттық лагерь (Қоржынкөл ЖМ); көгалдандыруға арналған 75 бригада; мектеп орманшылығы (Кенарал ЖМ, серіктес – Усаков орман шаруашылығы); 5 көшбасшылар белсенді мектебі («Жас ұлан», «Жас қыран»); 13 жазғы тіл мектептері; 14 бейінді пікірсайыс отряды жұмыс істейді. 2 кәсіпорында шарт негізінде 6 оқушыларды жазғы кезеңге жұмыспен қамту жоспарлануда (Пешков ЖМ).
Жазғы демалысты ұйымдастыру мен өткізуге 215 педагог қатысады.
Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың демалысы үшін «Болашақ» және «Хатико» сауықтыру лагерлеріне жолдамалар сатып алынды.
Отырыс қорытындысы бойынша әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия лауазымды тұлғалардың ұсынған ақпараттарын назарға алып, тиісті қаулы шығарды.