2025 жылғы 15 мамырда Федоров аудандық мәслихаты сегізінші шақырылымының X сессиясы өтті.
Сессияда 2024 жылғы аудандық бюджеттің және Федоров ауданы ауыл, ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы есептерін бекіту, сондай-ақ Федоров аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы мәселелер қаралды.
X сессияға енгізілген мәселелермен депутаттар бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында егжей-тегжейлі танысты.
Сессия жұмысына Федоров ауданы әкімінің орынбасары К.К. Муратова, Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі А. Ж. Испудинов, ауылдық округтердің әкімдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары К.К. Муратова негізгі баяндама жасады. Ол 2024 жылы аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 100,8% құрағанын атап өтті. Бюджеттің шығыс бөлігі 98,9%-ға орындалды. 2024 жылы аудан экономикасында оң динамика байқалады: ауыл шаруашылығы өнімі көлемінің өсуі (121,6%), инвестициялар (132,6%), құрылыс (7,2 млрд теңге), сумен жабдықтаудың белсенді дамуы (32 ауыл қамтамасыз етілді, қамту – 84,4%), бұл өңірдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын көрсетеді.
Федоров ауданы бюджетінің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі А.Ж. Испудинов хабардар етті, ол бюджет қаражатын сапалы және уақтылы игеру жөнінде бірқатар ұсыныстар берді.
Бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы туралы «Федоров ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ басшысы Т.С. Губайдулин баяндады.
2024 жылға арналған Федоров ауданының бюджетін атқару туралы қорытындымен аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А.М. Байназаров сөз сөйледі.
Талқылау қорытындылары бойынша тиісті шешімдер қабылданды.