2025 жылғы 4 мамырда Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Б.Е. Исенгазин аудандық мәслихаттың депутаты А.С. Резникпен бірге «Senat Open 2025» шахматтан ІІ ашық кубогының іріктеу турниріне қатысып, жартылай финалға өтті. Турнирді Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппаратының қолдауымен Қостанай облыстық мәслихаты Қазақстан Шахмат федерациясымен бірлесіп ұйымдастырды. Республикалық турнирінің жартылай финалы Көкшетау қаласында ұйымдастырылатын болады.