Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

2025 жылғы 28 наурызда Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Отырыста мынадай мәселелер қарастырылды:

  1. Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша 2024 жылы азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілген әлеуметтік көмек туралы.

          «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Р.Д. Баймурзиннің ақпараты мәліметке алынды.

  1. «Қостанай облысы бойынша Еңбек ұтқырлығы орталығы» КММ «Федоров ауданының Мансап орталығы» филиалының басшысы А.Д. Куантаевтың «2025 жылға жұмысқа орналастыру, жұмысшы мамандықтарға курстық оқытуды ұйымдастыру бойынша жүргізілген және жоспарланатын жұмыс (жұмысшы мамандықтарының жылы шеңберінде белгіленген іс-шараларды орындау) туралы» есеп беруі.

Ұсынылды:

1. Колледж студенттерімен, аудан мектептерінің оқушыларымен, жұмысшы жастармен кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілсін.

2. Курстық оқудан кейін жұмысқа орналасу мақсатында ауылдық округтерге үнемі барып, жастармен, барлық меншік нысанындағы ұйымдардың басшыларымен кездесу өткізілсін, қажетті кәсіптердің тізбесі зерделенсін.

  1. Федоров ауданында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру туралы (А.Е. Минкина – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы).

Ұсынылды:

1. Мемлекеттік қызмет көрсетуді танымал ету үшін баннер (1 дана) ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін орнатылсын.

2. Led -экранда одан әрі көрсету үшіш бейнеролик ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін әзірленсін.

3. Мемлекеттік қызметтерді танымал ету бойынша жадынамалар, буклеттер ағымдағы жылдың 31 шілдесіне дейін әзірленсін.

  1. Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту.

Толықтырулар мен ұсыныстар енгізіліп, жоспар бекітілді.

  1. Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін әлеуметтік объектілерді (Аудандық аурухана, Қазпошта) бейімдеу бойынша мониторингтің қорытындылары.

Ұсынылды:

Кемшіліктерді жою жөнінде «Қазпошта» АҚ басшылығына ұсыныстармен және ескертпелермен хат дайындалсын.

Федоров ауданы

Қоғамдық кеңесінің төрайымы                                          С. Баймурзина