Федоров ауданында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау туралы

Федоров ауданында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау туралы

18 наурызда Новошумное ауылында аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы өтті. Отырыста «Федоров ауданында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» мәселе қаралды.

Осы мәселе бойынша негізгі баяндамашы «Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Е.Г. Коваленко болды.

Ауданда 87 спорт ғимараты бар. Барлық спорт нысандары аудан тұрғындары үшін тегін негізде спортпен шұғылдануға қол жетімді. Федоров ауылында 25 метрден 4 жолға арналған бассейн және ангар үлгісіндегі көпфункционалды спорт алаңы салынуда.

Әрбір ауылдық округте спорт нұсқаушысы қарастырылған, оның міндеттеріне ересектер үшін тұрақты негізде спорттық-бұқаралық іс-шаралар мен жаттығулар өткізу кіреді. Ауданда барлығы 12 спорт нұсқаушысы бар. Новошумное ауылында және Вишневое ауылдық округінде нұсқаушы жоқ.

37-ші облыстық спартакиадада командалық есепте Федоров ауданы аудандар арасында 4-ші және жалпы есепте 8-ші орынды иеленді. Сондай-ақ, аудан командасы Қостанай облысының I қысқы спартакиадасына қатысты. Жарыс 4 спорт түрінен өтті: шайбалы хоккей, шорт-трек, конькимен жүгіру және шаңғы жарысы. Қорытынды кестеде Федоров ауданы аудандар арасында 4-ші және жалпы есепте 6-шы орынға ие болды.

Қарастырылып отырған мәселе бойынша қосымша баяндамашы «Федоров аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ басшысы С.В. Фурсов болды. Ол спорт түрлері бойынша 2024 жылғы БЖСМ жұмысының қорытындылары туралы айтып берді. Өткен жылы 63 жаппай разряд (жеңіл атлетика, волейбол, баскетбол), 8 бірінші разряд (волейбол) және 4 спорт шеберіне үміткер (баскетбол) берілді.

Сондай-ақ, емхана меңгерушісі С.Ю. Фурсова тұрақты комиссия отырысына қатысушыларды ауданда салауатты өмір салтын насихаттау саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Отырыс қорытындысы бойынша әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия лауазымды тұлғалардың ұсынылған ақпаратын назарға алып, тиісті қаулы шығарды.